13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Цифрландыру бағытында маңызды жобаларды іске асыру көзделуде

31 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Цифрландыру бағытында маңызды жобаларды іске асыру көзделуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясында қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Туғанбай 2022 жылға арналған жұмыс жоспарларын баяндады.

Басқарма тарапынан 2022 жылы қалада бірқатар ірі жобаларды іске асыру, оң нәтижелерге қол жеткізуде нақты міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, басқарма тарапынан биыл қала аумағын мобильді интернет желісімен және сапалы байланыс арнасымен қамту үлесін 95 %, шалғай елді мекендерді талшықты оптикалық желімен қамту үлесін 75 %, қаладағы  қоғамдық орындарды wi-fi желісімен қамту көрсеткішін 100 %-ға жеткізу, қала тұрғындарының цифрлық сауаттылық деңгейін одан әрі арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, бейнебақылау камераларының санын ұлғайту, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда.

Қазіргі таңда мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 11 елді мекеннің координатасы келісіліп, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер телімдері анықталғаннан кейін жеке инвесторларға аукцион арқылы ұсынылатын болады. Тиісті жұмыстар атқарылса 106 000-ға жуық қала тұрғыны сапалы мобильді интернетпен қамтылады.

Одан бөлек, 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жоспарға енгізілді. Қазіргі таңда елді мекендерді оптика желісімен қамтуға қажетті құрал-жабдықтар алынуда. Тиісті жұмыстар атқарылса 134 620 қала тұрғынына сапалы интернет қол жетімді болады.

Шалғайдағы елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары да жоспарға енгізілді. Бүгінде жеке инвесторға Асар-2 шағынауданы маңынан жер телімін аукцион арқылы беру жұмыстары қолға алынды. Асар-2 елді мекені маңына базалық станция орнатылса, мектептердегі сапалы интернетпен қамту мәселесі шешімін табады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзцифрландыруШымкент
Previous Post

Шымкентте биыл 800-ден аса жас тұрғын үймен қамтылады

Next Post

Шымкентте «TAZA SESSIYA» акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі