13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арандатушылардың аранында кетпей бірлік пен тәуелсіздікті сақтайық!

13 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Арандатушылардың аранында кетпей бірлік пен тәуелсіздікті сақтайық!
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемде соңғы болып жатқан жаңалықтар кез келген мемлекетке жайбарақат отыруға болмайтындығын көрсетті. Елімізге ақпараттық шабуылмен қатар күш, сес көрсету белең алып барады.

Біздің ұлттық тіл мен рухани құндылығымызға күмән келтіруші тараптар да баршылық.

Содан қалың жұртшылықтың көңілінде үлкен алаңдаушылық қалды.

Баршаға мәлім біз көп ұлтты мемлекетпіз, бауырмал өлкемізге кез-келген ұлт өкілдерін өз бауырымыздай көріп, бір тудың астында құрметпен, ізетпен сыйластығымызды көрсетіп келеміз. Бірақ біздің сыйластығымызды басынып, әлсіздікке балаулары көрегенділікке жатпайды. Еліміз ешқашан өзінің қалың тарихында ешбір ұлтқа зәбір көрсетпеген. Бірақ ұлт болашағына қауіп төндіріп, жерімізге көз тігіп келген жауларға қарсы соғысып, шекара өтінен шығарған. Бұл туралы Қаз дауысты Қазыбек бидің аталы сөзі бар:

“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.

Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.

Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз – деп әділдігін қоятын ұлы тұлғалардың ұрпақтарымыз. Тарихта үлгі алып, рухтанатын, білімді де, текті тұлғаларымыз көп, біздің бойымыздағы қанымыз бен жанымыз әділеттілік пен батырлықтан құралған.

Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен ұлан-ғайыр жерімізді қорғап бізге аманаттаған.

Бес саусақ бірдей емес. Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады.

Кейде екі мемлекет арасына сына қағып, жұртты дүрліктіргісі келетін адамдар да кездеседі.

Ондай адамдардың яғни

Қазақстанға пиғылы нашарлардың пікірін біліп жүрміз. Сондықтан біз өз ара қырқысып, бір-бірімізді жамандап, бір-біріміздің жарамызды сөгіп, абыройымызды төккеннен көршілес елдердің алдында абройымыз түспесе көтерілмейді. Көлденең көк аттыға жем болып, әр кімнің түрткісінде сөз есітіп, қор болып, тәуелсіздігімізден айрылмау үшін бөлінбейік.

Арандатушыларға да ермей, сабыр сақтап, ақылмен шешім қабылдайық. Бұндай жағдайға жол беруге болмайды.

Біз еркін, егеменді азат елміз. Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Ардақты елім, жанымның бөлшегі, бауыр етім қазағым!

Бірігейік!

Бірлігімізді ешқашан жоғалтпайық!

Бір тудың астында, әлемді теңселтіп тұрған қиын жағдайлардан елімізді аман-сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген президентіміз — Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын қолдап, мәңгілік елді бірге қалыптастырайық.

Бізде бір ғана Отан бар. Ол — Қазақстан. Туымыз тұғырлы болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Байкен Әшірбайұлы

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

Tags: 13kz13kz.kz13кзмәслихатШымкент
Previous Post

Түркістан:  Төлеби ауданында 120 отбасы баспаналы болды

Next Post

Халықпен кездесулер оң нәтиже беруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі