13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықпен кездесулер оң нәтиже беруде

13 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Халықпен кездесулер оң нәтиже беруде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесулері барысында қордаланған өзекті мәселелерді шешуде жүйелілік пен қадағалау жұмыстары оң нәтижелер бере бастады.

Дәлірек айтқанда, жыл басынан бастап,  Еңбекші ауданы тұрғындары көтерген жалпы 28 өзекті мәселенің бүгінде 16-ы оң шешімін тауып отыр.

Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Досбол Есілбек қала басшысының аудан белсенділерімен кезекті «ашық диалог» форматында өткен жиында баяндап,  жиынға қатысқан аудан белсенділері тарапынан әрбір жұмыс нәтижелері расталды.

Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Сәрсенбайұлы, аудандық қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан бойынша 28 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде  16 мәселе шешімін тапты. Қалғаны белгіленген кестеге сәйкес орындалу барысында.

Елтай тұрғын алабы Тоғыс өзеніндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті мекемелермен техникалық зерделеу жұмыстары қолға алынған. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін ақау актісі әзірленіп, әкімдік қаулысы қабылданады.

Жұмыстарды маусым айында аяқтап, ЖСҚ құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарастыру бойынша бюджеттік өтінім ұсынылады.

Бүгінде Абдулабад тұрғын алабында Кеңсай-2 көшесін орташа жөндеу және аяқ жол салу үшін сметалық құжаттар әзірленді (0,8 шақырым, 35 млн. теңге). Наурыз айындағы бюджеттік нақтылауға өтінім берілді.

Қарабастау тұрғын алабында «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен бүгінде 160 тұрғын үй электр қуатына қосылды. Абоненттеу жұмыстары наурыз айының соңына дейін аяқталады.

Жиында шаhар басшысы аудан әкімдеріне тапсырмалардың орындалу барысын пайыздық көрсеткіштермен ай сайын  баяндап отыруды тапсырды.

Аудан белсенділері шешімін тапқан мәселелер бойынша ризашылығын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Арандатушылардың аранында кетпей бірлік пен тәуелсіздікті сақтайық!

Next Post

Түркістан: Сайрам ауданында биыл 500 және 2400 тонна өнім беретін жылыжайлар ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі