13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан:  Төлеби ауданында 120 отбасы баспаналы болды

12 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан:  Төлеби ауданында 120 отбасы баспаналы болды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Леңгір қаласындағы  І мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасымен құрылысы аяқталған 20 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілтін тұрғындарға салтанатты  түрде тапсырды. Атап айтсақ,  халықтың әлеуметтік  осал топтары санатындағы 60 отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 адам, көпбалалы отбасылар санатындағы 57 отбасыға пәтер берілді. Жалпы 120 отбасы тұрғын үймен қамтылды.

— Төлеби — тау баурайындағы саф таза ауасы, тамылжыған табиғаты бар өлке. Бүгінгі үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ұсынылып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл да қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артады.  Осының бәрі – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған  мемлекеттік саясаттың жемісі. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын.  Шаңырақтарыңыз молшылық пен берекеге толып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! — деді Өмірзақ Шөкеев.

Төлеби ауданында барлығы 4520 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелген. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.  2021 жылы Түркістан облысында 823,8 мың шашы метр тұрғын үй (6590 пәтер) пайдалануға берілген.

Жұмыс сапары барысында Өмірзақ Шөкеев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант алған азаматтардың жұмысымен танысты. Төлебиде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 38 тұрғынға несие берілген. 70 адам жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа ие болған. Облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басшыларға тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Өңір басшысы  аудан ардагерлерімен, этно-мәдени бірлестік төрағаларымен және жастар өкілдерімен, жергілікті тұрғындармен кездесті.  Еркін пікір алмасу форматында өткен  кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың   тапсырмаларын орындау бағыттары, мемлекетті дамытудағы жаңа жоспарлары сөз болды. Сонымен бірге өткір мәселелер қозғалып, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.  Өмірзақ Шөкеев әрбір ұсыныс хаттамаға енгізіліп,  тиісті жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

Next Post

Арандатушылардың аранында кетпей бірлік пен тәуелсіздікті сақтайық!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі