13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үкімет экономикалық шаралар кешенін жүзеге асыруда

1 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Үкімет экономикалық шаралар кешенін жүзеге асыруда
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Украинадағы қақтығыстың ел экономикасына әсері, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру жайы мен әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесі қаралды.

Қаржы нарығының тұрақтылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін Үкімет ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып, Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады. Теңгелік депозиттерді қорғау аясында депозиттер бойынша сыйлықақы есептеу қарастырылған. Сондай-ақ Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі жаңа шаралар кешенін қабылдады.

Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.

Үкімет отырысынан соң қала басшысы жауапты сала жетекшілеріне кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүзеге асырылатын барлық бағдарламалардың тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы цифрландыру мемлекеттік сервистің барлық түрін қамтуы тиіс екенін айтып,  бұл үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін түгел интеграциялау қажеттігін мәлім етті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер 100% смартфон арқылы қолжетімді болуы тиіс деді.

Осы бойынша әкім цифрландыру басқармасына жұмысмен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығын цифрландыру жүйесіне толықтай көшіру ісін қолға алуды айтты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзҮкімет
Previous Post

Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті

Next Post

Тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау тетігі қаралуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі