13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті

28 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Ағаш отырғызу — экологияға өз үлесіңді қосу» атты жалпы қалалық сенбілік өтті.

Тазалық жұмысына қала тұрғындары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Олармен көп қабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы қалалық сенбілікке 30 мыңнан аса адам қатысып, 110 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Абай ауданының әкімдігі, «Вuild Stroud» мекемесінің қызметкерлері және Қазығұрт шағын ауданының тұрғындары бірлесіп мемлекеттік орман қоры жерлерін қорғау және толықтыру мақсатында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында 4000 дана ағаш көшеттері отырғызылды және аумақты қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ол жұмыстарға 300 адам жұмылдырылып, 24 техника тартылды.

Сондай-ақ, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағына, аталған кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен 2000 түп қылқан жапырақты боз арша (можжевельник) ағашы отырғызылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзсенбілікШымкент
Previous Post

Шымкент әкімі тұрғын үй құрылысын аралады

Next Post

Үкімет экономикалық шаралар кешенін жүзеге асыруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі