13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау тетігі қаралуда

1 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау тетігі қаралуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында өткен жылы 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту көзделген болатын. Жыл қорытындысымен 812 отбасыға жалдамалы пәтер табысталып, қалған 164 пәтер мемлекеттік тіркеу жұмысы аяқталған соң биыл үлестірілмек.

Бұл туралы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев қала әкімдігінің «Instagram» парақшасындағы тікелей эфирде мәлімдеді.

2021 жылы 315  отбасы «Бақытты отбасы» несиелі бағдарламасы арқылы баспанамен қамтылса,  оның ішінде 149 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілген.

Ал, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша кезектегі 1 460 отбасы баспанамен қамтамыз етіліп, оның ішінде 267 отбасыға тұрғын үй сертификаты үлестірілген.

–Биыл 1605 пәтерді сатып алу құқығынсыз жалға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін кредиттік тұрғын үй бағыттары бойынша (5-20-25 және 7-20-25) 2096 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарлануда,-деді басқарма басшысы.

2022 жылы кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу мәселесі қаралуда.

Эфир барысында тұрғындар тарапынан 100-ден аса сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегіне қатысты болды. Ғ.Утенбаев тұрғындарға баспана кезегіне тіркеліп қана қоймай, «Отбасы банкке» депозит жинауға кеңес берді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТұрғын үйШымкент
Previous Post

Үкімет экономикалық шаралар кешенін жүзеге асыруда

Next Post

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі