13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы облыстық жастар орталықтарының басшыларымен кездесті

25 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы облыстық жастар орталықтарының басшыларымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына арнайы іс-сапармен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Байманов Шахмардан Асқарұлы областағы жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен еркін форматта кездесу өткізді.

Ордабасы ауданы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының залында өткен кездесуге 17 аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары қатысып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жастар саясатына өзгеріс енгізу, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру, қоғамдық ортаға тарту, жастарға жұмыс беру бағдарламалары, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, Jas Project, Тәуелсіздік ұрпақтары жобасы аясындағы гранттар туралы, жастардың әскери-патриоттық сезімін көтеру,жастардың қоғамдық жауапкершілігі, азаматтық борышы, тұрғын үй мәселері талқыланған басқосуда комитет төрағасы барлық ұсыныстардың ескеріліп, тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, орталық басшылары өскелең ұрпақ қызметіндегі жетістіктерді сөз етіп, сол арқылы кездесуге қатысушылардың қызығушылығын артттырып, рухтандыра түсті.

Шахмардан Асқарұлы жастардың ойын тыңдап, Түркістан облысы жастарының белсенділігі мен ашықтығына оң бағасын берді.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың күрделі мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Previous Post

Әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізді

Next Post

«Сергек» Түркістанда жылдамдықты бұзушыларды анықтауға кіріседі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі