13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Сергек» Түркістанда жылдамдықты бұзушыларды анықтауға кіріседі

25 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
«Сергек» Түркістанда жылдамдықты бұзушыларды анықтауға кіріседі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қалалық полиция департаменті 2022 жылдың 1 наурызынан бастап қалада «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің жылдамдық режимінің жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу қызметі іске қосылатынын хабарлайды. Заң бұзушыларды 26 қиылыс пен жолдардың ең апатты учаскелерінде орналасқан 40 желілік учаскеде камера түсіреді. Ереже бұзышылықты полиция қызметкерлері тексеріп, электронды-цифрлы қолтаңбамен растайды. Протоколды egov.kz және qamqop.qov.kz сайттарынан жүктеп алуға болады.
Әрбір аппараттық-бағдарламалық кешен жол бойындағы жол қозғалысы ережелерін бұзуды жазып қана қоймай, сонымен қатар қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын бірнеше тар бағытталған және бақылау камераларынан тұрады. Сонымен қатар, жоба бойынша қалада 200 бейнебақылау камерасы орнатылып, құқық бұзу деректері жол қоз¬ғବлысы қауіпсіздігінің жедел ақпарат¬тық жүйесіне жіберіледі.
Жол қозғалысы ережесін сақтаған жүргізушілерге алаңдауға негіз жоқ. Ақпараттық жүйеге түскені және басқа да бұзушылықтар туралы айыппұл туралы нақты ақпараттар қосымша хабарланады.
«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі алғаш рет 2017 жылы еліміздің астанасында пайда болды. «Сергек әсері» көлік жүргізу тәртібін жақсартуға және сәйкесінше өліммен аяқталатын жазатайым оқиғаларды азайтуға әсер етеді. Бір жыл ішінде Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғаларындағы өлім көрсеткіші 43%-ға – 60 өлімнен 34-ке дейін төмендеп, кейінгі барлық жылдар бойына бірдей деңгейде қалып отыр. Алматыда 2019 жылы («Сергек» 2020 жылдың қаңтарында іске қосылды) жол-көлік оқиғасынан 161 адам қаза тапты. 2020 және 2021 жылдары қайтыс болғандар саны екі есеге дерлік азайды — әр жыл үшін 84 адам.
Түркістан облысында 2021 жылы 712 жол-көлік оқиғасы орын алып, 319 адам қаза тапқан. Оның ішінде қаза тапқандардың 9-ы облыс орталығында тұратын.

Түркістан қалалық Полиция департаменті.

Previous Post

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы облыстық жастар орталықтарының басшыларымен кездесті

Next Post

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі