13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек»

4 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек»
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір топ тұрғынды онлайн режимде  қабылдап, өтініштері мен арыз-шағымдарын тыңдады. Тұрғындар инфрақұрылым, тұрғын үй, экология, білім және өзге де салалардағы мәселелерді қозғады.

Мәселен бәйдібектік Анарбай Талапбекұлы ауданда саябақ пен спорт кешенін салу мәселесін көтерді. Өңір басшысы бұл ұсыныстарды зерделеп, бюджеттің жағдайына қарай тиісті шешім қабылдау жөнінде тапсырма берді. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, аталған нысандардың жобалық-сметалық құндары анықталған.

Кентау қаласының тұрғыны Вячеслав Акалаев Кентаудағы Д.Қонаев көшесіндегі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына көңілі толмайтынын, құрылыс тым ұзаққа созылғанын айтып, шағымын білдірді. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Кентау қаласы әкімінің уәжін тыңдады. Оның айтуынша, 1960 жылы салынған үй толық жөнделіп, қабылданған. Тұрғындардың өтініші бойынша мердігер тарапынан қосымша жұмыстар да атқарылған. Өмірзақ Шөкеев тиісті басшылар мен қала әкіміне үйді тағы бір зерделеп, кем-кетіктері болса, реттеуді тапсырды. Сонымен бірге жалпы тапсыруға берілген нысандардың сапасын қатаң қадағалап, елге қолайлы жағдай жасау қажеттігін ескертті.

– Сіздер көтерген мәселелердің бірқатары маған таныс. Мысалы, Созақ ауданы бойынша біріншіден, жолға қатысты өтінішке айтарым, Кентау-Шолаққорған жолының құрылысы биыл аяқталады. Тиісті басқарма басшысына көз алдарыңызда тапсырма беріп отырмын. Оның сапасы да бақылауда болады. Біз бизнесті де қолдауымыз керек. Жаңа зауыттар ашылса, жаңа жұмыс орындары құрылады. Тұрғындардың әрбір өтініші назардан тыс қалмайды. Нысандар мен үйлердің құрылысына, ең бастысы сапасына мән беріп, инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек, – деді Ө.Шөкеев.

Қабылдау барысында Түлкібас, Созақ, Ордабасы ауданы мен Кентау, Түркістан қалалары тұрғындарынан өтініштер қабылданып, заң аясында түсініктемелер мен кеңестер берілді. Сонымен бірге бірқатар мәселе бойынша тиісті басшылар мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар беріліп, түйткілдер бақылауға алынды.

Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен барлық қала, аудан әкімдіктері мен басқармаларда және партия филиалдарында қоғамдық қабылдаулар тұрақты өтуде. Жалпы 2021 жылы Түркістан облысының атқарушы органдарына 50 мыңнан астам өтініш пен арыз-шағым, ұсыныс түсіп,  2020 жылға қарағанда азайған. Өтініштердің басым бөлігі шешімін тауып, тиісті кеңестер берілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kzТуркестанская областьТүркістан облысыУмирзак ШукеевӨмірзақ Шөкеев
Previous Post

Шымкент әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Next Post

Түркістандық боксшы паралимпиададан 3 дүркін ел чемпионы атанған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі