13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкент әкімі кәсіпкерлермен кездесті

3 февраля, 2022
in Экономика
0
Шымкент әкімі кәсіпкерлермен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Жиында сөз алған қала әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты.

Өткен жылы барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізіп, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалды. Бұл жылғы меже одан да жоғары. Ел дамуындағы оң өзгерістер бизнеспен тікелей байланысты болғандықтан саяси реформаларды бірлесе жүзеге асыру керекпіз. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға, халыққа қызмет етсе, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Осыған орай қаламыздың бизнес өкілдерін жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын. Әкімдік тарапынан барлық қолдау шаралары болады, — деді М.Әйтенов.

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде 33 кәсіпкерлік субъектісі түрлі деңгейде зардап шегіп, 238,8 млн.теңге шығынға ұшырағанын, 19 бизнес нысанының қызметі қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Зардап шеккендердің кәсіптері толық қалпына келтірілетінін жеткізді.

Шымкентте коронавирустық пандемияға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде бүгінгі күні 64 млрд.теңгеге 77 жобаны қаржыландыру мақұлданған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасында салалық шектеулердің алынып тасталуына байланысты шағын кәсіп арасында жоғары сұранысқа ие болып, 2021 жылы 50,9 млрд.теңге сомасына 1523 ШОБ-пен шартқа қол қойылған. Бұл ретте инвестициялық штаб жұмысының тиімділігін атап өтуге болады. Ашық алаң бизнес мәселелерін жедел шешуге көмектесіп, инвестиция тартудың құралына айналды.

Кездесуде кәсіпкерлер бизнестің дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелерді айтып, атқарушы билік өкілдерімен шешу жолдары ұсынылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзбизнесШымкент
Previous Post

Мұрат Әйтенов қала тұрғындарының мәселесін тыңдады

Next Post

Өмірзақ Шөкеев: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі