13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Мұрат Әйтенов қала тұрғындарының мәселесін тыңдады

3 февраля, 2022
in Билік
0
Мұрат Әйтенов қала тұрғындарының мәселесін тыңдады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұршуақ шағын ауданы тұрғындарымен болған кездесуде ай сайын өткізілетін жеке қабылдаудан бөлек, әр тоқсанның бір айын тұрғындармен кездесуге арнайтынын жеткізді. Жыл басынан бері өзекті мәселесі бар 32 шағын аудан мен тұрғын алаб халқының мәселесін тыңдағанын атап өтті.

Абай ауданына қарасты бұл шағын аудан тұрғындарын сапалы электр жарығы мен табиғи газ, мектеп, емхана, көшелерге шағал тас төсеу, қоғамдық көлік пен Әл-Фараби көшесіне шығатын балама жол қарастыру мәселесі толғандырып отыр.

Әкім көтерілген мәселелердің шешу жолын сала жетекшілерімен талқылап, жергілікті тұрғындарға жұмыстың атқарылу барысын түсіндірді.

«Шағын ауданның өзекті мәселесін ескере отырып, ең алдымен газ, жарықты шешуді қолға алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай былтыр таза ауыз сумен толық қамтылдыңыздар. Бүгінгі таңда сапалы электр қуатын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы газ жүйесін тарту жұмыстары басталады. Оның құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Өткен жылы 14 көшеге шағал тас төселсе, ауыз су жүйесі жүргізілген 6 шақырым жолға биыл шағал тас төселетін болады. Инженерлік коммуникациялардың құрылысы аяқталғанда жолдарды асфальттау жұмыстары басталады»,-деді әкім.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы 2023 жылы Нұршуақ шағын ауданына 1200 орындық мектеп салынатынын, екі елді мекенге ортақ емхана құрылысы Ынтымақ шағын ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқанын атап өтті. Заманауи емхана тәулігіне 500 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.

Сөз соңында тұрғындар әкімге ашық диалог тәртібіндегі кездесуі үшін алғысын білдіріп, жұмыстың сапалы жүргізілуіне атсалысатындарын айтты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкент : Инвестициялық штабта 11 жоба қаралды

Next Post

Шымкент әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі