13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Инвестициялық штабта 11 жоба қаралды

3 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Инвестициялық штабта 11 жоба қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын 11 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. Аталған жобалардың төртеуі 2022-2023 жылдары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда тыңайтқыш өндірісі, қайта өңделген материалдардан полипропилен түйіршіктерін өндіру ісі, ылғал майлықтар шығару және тұрмыстық техника өндірісі. Ал, жылына 20 мың тонна алюминий қорытпалары мен бағаналар шығаратын зауытқа, темір-бетон бұйымдарын, газоблокты және тротуарға төсейтін тастарды өндіру жобасына «Жұлдыз» индустриалды аймағынан жер телімін беру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қалған 4 жоба жекеменшік мектеп құрылысы. Оның ішінде 1200 орындық мектеп-интернат жобасы бар. Бұдан бөлек, скейт-парк құрылысы бойынша жер мәселесі қаралды.

Қала басшысы әрбір жобамен жеке танысып, ондағы проблемаларды шешу бойынша сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Штаб отырысында әр ауданның 2022 жылы 40 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

Әкім аудан әкімдері мен басқарма басшыларына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастыруды айтты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзинвестицияШымкент
Previous Post

Қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен танысты

Next Post

Мұрат Әйтенов қала тұрғындарының мәселесін тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі