13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық боксшы паралимпиададан 3 дүркін ел чемпионы атанған

4 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандық боксшы паралимпиададан 3 дүркін ел чемпионы атанған
Share on FacebookShare on Twitter

Дәурен Нарыбеков  паралимпиада спортына 2005 жылы келген. 17 жылға жуық уақыттағы спорттық мансабында 3 дүркін ел чемпионы атанған. Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2011 жылы елімізде өткен қысқы Азия ойындарының алаугері болған азамат Шардара ауданының тумасы.

«Бала күнімде боксқа қызығып, шұғылдана бастадым. Арманым былғары қолғап шебері атану еді. 2000 жылы жылқыдан оқыста құлап, қол жарақатын алдым. Екі жыл бойы бірнеше рет жасалған ота нәтижесіз аяқталды. Дегенмен, тағдырдың сынағы рухымды сындыра алмады. 2004 жылы Шымкент қаласындағы мүгедектерге арналған кәсіб и училищеде білім алдым. Спортқа деген құштарлығымның арқасында студент шағымда қол күресі мен гір тасын көтеруден қатарластарымнан оза шаптым»,- деді Дәурен Жақсыбайұлы.

Жігерлі жан Оңтүстік Корея, Франция,  Голандия сынды мемлекеттерде мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен Әлем біріншіліктерінде бақ сынаған. Ал, БАƏ-нің Дубай қаласында өткен турнирде ұзындыққа секіруден қола медаль иелегенін мақтаныш тұтады.

Ол бүгінде бапкерлік саланың туын биік ұстап жүрген тұлғалардың қатарында. Нақтырақ айтқанда, Түркістан облысының мүгедектерге арналған «Сауран»  спорт клубында жаттықтырушы. Жұмыс бабымен Келес ауданына қоныс аударған паралимпиадашы 30-дан астам спортшының жұлдызын жағу жолында еңбек етуде.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ

Previous Post

Өмірзақ Шөкеев: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек»

Next Post

Шымкентте жастар IT бойынша жаңа бағдарлама жасауды ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі