13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қоғам өкілдерінің белсенділігі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты құралы

25 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Қоғам өкілдерінің белсенділігі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты құралы
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқаты сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жүйелі шараларға тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Осыған орай бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасын бизнес өкілдерімен талқылады. Онлайн жиынға бизнес қауымдастық, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Қала әкімі жиналыстың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық деңгейде тиімді жүргізу үшін кешенді әрі бірлесе жұмыс атқару екендігін айтты.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар қылмыстық қудалау әрекетімен ғана шектелмеуі керек. Мемлекет басшысы қоғам өкілдерінің белсене атсалысуы және алдын алу шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты құралдары екенін атап өтті. Президент тапсырмасымен «Қоғамдық бақылау туралы» заң дайындалып жатқанын хабарлады. Бұл құжат мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ белсенді азаматтардың құқықтық бақылау құралдарын пайдалануына мүмкіндік береді. Бизнесті қорғау біздің басты міндетіміз және Сіздерді белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақырамыз, — деді М.Әйтенов.

Мәжілісте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Ш.Өтеев мегаполистегі жемқорлық әрекеттерінің көрініс табуы бойынша қысқаша баяндап, қатысушылардың сұрағына жауап берді.

Жиынды қорытындылаған қала басшысы кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлер тыңдаусыз қалмай талқыланған мәселелер өз жемісін беретініне сенім білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Мегаполис кәсіпкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көрсетілген бастамаларды қолдады

Next Post

Шымкенттен Шерзод Хаширбаев қысқы олимпиадаға қатысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі