13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттен Шерзод Хаширбаев қысқы олимпиадаға қатысады

25 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттен Шерзод Хаширбаев қысқы олимпиадаға қатысады
Share on FacebookShare on Twitter

Он күннен соң Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді. Әлемдік жарыста қысқы спорттан ұлттық құрама сапында Шымкенттің намысын қорғауға Шерзод Хаширбаев аттанады. Аталған додада шымкенттік атлет фристайл-акробатикадан сынға түседі. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев мәлімдеді.

–             4-20 ақпан күндері Қытайда өтетін спорттық додаға қаламыздан бір спортышы лицензияға ие болып отыр. 19 жастағы Шерзод Хаширбаев Финляндияда өткен әлем кубогінде төртінші орынды жеңіп, олимпиада жолдамасын алды. Шерзод болашағынан үміт күттіретін спортшыларымыздың бірі. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, әлем кубоктарының белгілі кезеңдерінен өтіп жүлдегер атанды.Сспортшымыз Алматыда ұлттық құрама спортшыларымен әлемдік додадаға дайындық үстінде.  Қазір олимпиадаға баратын спортшыларымыз карантинге оқшауланып, дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр. Олар 27 қаңтарда Қытайға аттанады. Ал Пекин қаласында 10 ақпанда фристайлдан жарыстар басталады деп жоспарланған. Шерзод 16 ақпанда өнер көрсетеді деп күтілуде. Жас болса да, үлкен үміт күтеміз, — дейді Бауыржан Қалмұхамедұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, Шымкентте қысқы спорт түрлері дамып келе жатыр. Қалада қысқы олимпиада резервін дайындайтын арнайы спорт мектебі бар. Мұз сарайында орналасқан мектепте спорттың төрт түрінен жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, шайбалы хоккей, шорт-трек, фристайл және мәнерлеп сырғанаудан атлеттер дайындалады.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал олимпиадалық команда құрамында елімізден 34 спортшы өнер көрсетеді. Спорт түрлеріне келсек, айтарлықтай өзгеріс жоқ 87 лицензиямыз бар. Осы аптада басқа спорт түрлері бойынша нақтыланады. Лицензиялардың басым бөлігін шаңғышылар (35), конькимен жүгірушілер (12) және биатлоншылар (12) жеңіп алды.

Previous Post

Қоғам өкілдерінің белсенділігі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты құралы

Next Post

Шымкент: «Ақылды» қала жүйесі дамуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі