13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мегаполис кәсіпкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көрсетілген бастамаларды қолдады

25 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Мегаполис кәсіпкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көрсетілген бастамаларды қолдады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін мегаполистің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың төрағалығымен өткен шараға мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес, қоғам, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары, сондай-ақ корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге бағытталған шаралар талқыланды.
Мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов өз сөзінде бизнесті заңсыз араласудан қорғауға назар аударды. «Бизнес пен инвестицияларға қатысты кез келген заңсыз әрекет кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданатын болады».
Сонымен қатар, кәсіпкерлер беделін сақтай отырып, адал бизнес жүргізуі керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шаттық Өтеев елімізде парасатты бизнесті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша шаралар кешені көзделген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламаларын іске асыру және басқа да шаралар жеке секторды адал болуға ынталандыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Шаттық Өтеев.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев 2026 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын таныстырып, түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген шараларға кеңінен тоқталды.
Корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу шаралары егжей-тегжейлі көрсетілді.
Құжат жобасын талқылау барысында мегаполистің бизнес өкілдері тұжырымдамаға қолдау білдірді.
Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды өз еркімен енгізуге бағытталған шаралар блогын мақұлдап, бұл өз кезегінде бизнесті тиімді дамытуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Айта кету керек, кездесу барысында мегаполистің 100-ден астам кәсіпкері қатысты.

Previous Post

Әскери прокуратура органдарының қызметіндегі әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға қатысты басым бағыттары қандай?

Next Post

Қоғам өкілдерінің белсенділігі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты құралы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі