13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әскери прокуратура органдарының қызметіндегі әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға қатысты басым бағыттары қандай?

24 января, 2022
in Қоғам
0
Әскери прокуратура органдарының қызметіндегі әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға қатысты басым бағыттары қандай?
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының үйлестіру рөлінің нәтижесінде әскери нысандардың және құқық қорғау органдарының басшылығымен конструктивті қарым-қатынастың нығаюынан соң, гарнизондағы жалпы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы заңға сәйкестендірілді.

Әскери қызметшілердің арасында әлеуметтік шиеленіс ошақтарының шұғыл түрде алдын алу мақсатында, гарнизонның әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.

Осы ретте, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы 2021 жылдағы заңдылықты қадағалау жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6698 әскери бөліміндегі 126 әскери қызметшінің құқықтарын қорғады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сай, еліміздің азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.

6698 әскери бөлімнің әкімшілігі Шымкент қаласында тіркелген және орналасқан, албір бөлімшесі Түркістан облысындағы Төлеби ауданының аумағында орналасқан.

«Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша Комитеті» уәкілетті органының интернет-ресурсында жарияланған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың  1 қаңтарындағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құны 2 207 теңгені құраған, пайдалы алаңның он сегіз шаршы метрі бойынша бір адамға төленетін тұрғын үй төлемінің жалпы сомасы 39 726 теңгені құраған.

Ал Шымкент қаласында осындай есеппен бір шаршы метр үшін 1 671 теңгені құраса, бір адамға 18 шаршы метр үшін жалпы сомасы 30 078 теңгені құраған.

Осылайша, 6698 әскери бөлімі 2019-2021 жылдары 126 әскери қызметшіге жалпы 60 622 116 теңге көлеміндегі төлемдерді кем жүргізген.

Қазіргі таңда,анықталған бұзушылықтар бойынша Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізгеннен соң, аталған әскери қызметшілердің алдындағы қарыздар толық көлемде төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Е.Сыздыков

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры,

әділет капитаны                                    

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоныәскери прокуратура
Previous Post

Қазгидромет ғалымдары сел қауымдастығының жоғары бағасын — Флейшман медалін алды

Next Post

Мегаполис кәсіпкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көрсетілген бастамаларды қолдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі