13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда

21 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің Абай ауданындағы жұмыс сапары жалғасуда. Ендігі кезекте «Құрсай» шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, әрбірінің сұрағына нақты жауап берді.

Тұрғындар көтерген мәселелер қатарында жарықтандыру, абаттандыру, әлеуметтік нысандар, жол салу, инженерлік желілер жүргізу, көгалдандыру және т.б. мәселелер бар. Сонымен бірге олар елді мекенді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар мен идеяларын да айтты.

Алдағы уақытта елді мекен тұрғындарымен бетпе-бет тұрақты кездесіп тұратынын айтқан қала басшысы мұндай кездесулер халықтың қажеттіліктері ескеріліп, шағын аудандардың дамуына оң ықпал ететінін жеткізді.

Кездесуде айтылған өтініштер мен сауалдар бойынша қала әкімі аудан әкімі мен сала жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бүгінде «Құрсай» шағынауданында және 282, 283 орамда инфрақұрылым жүйелерімен қамту, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.  Шағынауданда 1480 үй (80%) ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда «Реголит» ЖШС шағынауданда және 282, 283 орамда ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың төртінші маусымында аяқтау жоспарлануда. Шағынауданға электр жарығы және табиғи газ толық жеткізілген.

Сонымен бірге, биыл 7 көшеге шағал тас, Қарнақ көшесі мен осы көшенің 4 тұйығына асфальт төселеді. Және Жеті жар мен З.Сатқанбайұлы көшесі жарықтандырылады. Бюджет есебінен 3 спорт және балалар алаңшасы салынады. 2021 жылы шағынауданды сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станция орнатылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Халықтың мәселесі күн тәртібінен түспейді

Next Post

Шымкентке тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңге

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі