13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықтың мәселесі күн тәртібінен түспейді

21 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Халықтың мәселесі күн тәртібінен түспейді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Абай ауданына қарасты «Қазығұрт» шағынауданының тұрғындарымен кездесу барысында осылай деді.

«Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты тапсырмалар міндеттеді. Сондықтан қалада инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнестің өркендеуіне, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау міндеті басты назарда. Яғни халықтың мәселесін күн тәртібінен түсірмек емеспіз. Бұл бағытта бар күш-жігерімізді салып жұмыс жасайтын боламыз»,-деді қала басшысы тұрғындармен тілдесу барысында.

Әкім шағынаудан  электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылғанын атап өтіп, алдағы уақытта  Мақталы, Жұлдыз, Баянауыл көшелерін жарықтандыру, екі балалар ойын алаңшасын салу, Жастар, Қазына, Алмалы, атауы жоқ 1,2,3,4 өткелдерге бюджет есебінен асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов елді мекен инфрақұрылымын одан әрі дамытып, сауда және әлеуметтік нысандарды салу керектігіне назар аударды.

Өз кезегінде тұрғындар шағынауданды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар үшін қала әкіміне алғыстарын жеткізді.

Қазіргі уақытта елді мекен тұрғындарына №34 және №60 бағыттағы автобустар тұрақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, А-2 тас жолы бойынан №21,56,96 маршруттар қатынайды.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы Қазығұрт» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын қадағалады.

Previous Post

Қала әкімі Абай ауданы тұрғындарымен кездесті

Next Post

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі