13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентке тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңге

21 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентке тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңге
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға жауапты сала жетекшілерi мен кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты.

2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілуін баяндаған кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Б.Азимбердиев қалаға тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңгені құрағанын атап өтті.

Оның айтуынша, тартылған инвестицияның 75%-ы жекеменшік, 25%-ы мемлекеттік инвестия болып табылады. Ал биыл негізгі капиталға 540 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Қала басшысы Шымкенттің инвестиция тарту әлеуетiнiң жоғары екендiгiне тоқталып,  белгіленген межемен шектелмей, инвестиция тарту бойынша жұмыстарды одан да арттыруды тапсырды. Қалаға инвестиция тарту iciнде штаб жұмысының тиімділігін  айтып, инвесторлар үшін бюрократиялық кедергiлер азайғанын жеткізді.

Отырыста «Тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндіру», «Күштік трансформаторларды өндіру», «Аяқ киім фабрикасы» сынды жобалар таныстырылып, жергілікті инвесторлардың газобетон өндірici, металл плитка, гофр картон өндiрiсi,  балабақша, балалар клиникасы мен жатақхана құрылысын салу бойынша жаңа инвест жобалар талқыланды.

Қала әкімі аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша әкімдік тарапынан қажетті қолдау болатынын айтып, салалық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда

Next Post

Қазақстанда 17 мыңға жуық азамат көктемде әскерге шақырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі