13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі Базарқақпа тұрғын алабындағы көпірдің жағдайымен танысты

19 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі Базарқақпа тұрғын алабындағы көпірдің жағдайымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабына арнайы барып, «Сайрам су» өзені арқылы өтетін апатты жағдайдағы темір көпірді аралап көрді.

Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпір 1994 жылы тұрғындардың өз есебінен салынған болатын. Темір көпірді қайта-қайта су шаюына байланысты тұрғындар өз есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп отырды. Ал 2020 жылы көпір апатты жағдайда болуына байланысты қолданыстан алынып тасталды.

Ені 5 метр, ұзындығы 18 метр көпірді қайта құру жұмыстарын жүргізу қажет. Еңбекші ауданына қарасты №12 қалалық аурухана және Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана ортасын байланыстарын көпірдің тұрғындар үшін маңызы зор.

Демеушілер есебінен жаңадан салынатын көпірдің жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды.

Сондай-ақ, қала әкімі Базарқақпа тұрғын алабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесімен танысты. Дружба, Жамалов, Юсупов және Шахайдаров көшелерінде 20 көпқабатты (275 пәтер), 100 жеке тұрғын үйдің кәріз жүйесі құрылысын «ТКСК-Строй» ЖШС жүргізген.

Тұрғын алаптағы кәріз жүйесін мемлекет меншігіне өткізіп, ішкі кәріз жүйелерін магистральды жүйеге қосуға қаржы қарастыру қажет.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан жаңа магистральдық кәріз жүйесін орнату үшін техникалық шарттар мен ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу үшін бюджеттік нақтылау отырысына ұсыныс енгізілген.

Previous Post

Әділдік іздеген Шымкенттік полицей Президенттен көмек сұрады

Next Post

Шардарада бірқатар тауарлардың бағасы төмендеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі