13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Партия белсенділері марапатталды

13 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Партия белсенділері марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында партия белсенділерін марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгiнгi өз келешегiне бет алған Тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi»,- деген болатын.

Бүгінгі айтулы мереке қарсаңында өңіріміз үшін елеулі еңбек етіп, Елбасы мен Мемлекет басшысының стратегиялары мен бағдарламаларын іске асыруда үлес қосқан белсенділерге «Халық алғысы» медалі және «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес, «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі мен Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің «Құрмет Грамотасы» табысталды.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы партияның атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне тоқталып, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

«Құрметті партияластар! Болашақ жеңістерге, Елбасы белгілеген ұзақ мерзімді көшбасшылық стратегиясын тиімді жүзеге асыруға берік негіз қаланды. Біз еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы өзгерістердің жаңа деңгейіне қадам басуға әрқашан да дайынбыз. Қазақстанның әр азаматы үшін ең ұлық мереке – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Халқымыздың мәңгілік құндылығы — Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын!  – деді М.Әйтенов.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы марапат иелерін құттықтап, алдағы уақытта атқарар жұмыстарға сәттілік тіледі.

Previous Post

«Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында адалдық сағаты өтті

Next Post

Мемлекеттік марапаттар өз иелерін тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі