13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында адалдық сағаты өтті

13 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
«Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында адалдық сағаты өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында адалдық сағаты өтті.

Мақсат — студенттерді парасаттылыққа тәрбиелеу, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын ғұламалар еңбектері арқылы жеткізу болып табылады.

Жастарды парасаттылыққа үндейтін шарада лектор ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Байдуллаева қатысты.

Дәріс барысында қатысушылар жас ұрпақты әділ, парасатты болуға шақырған ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдерін тыңдап, адалдық құндылықтары жайындағы ойларымен бөлісті.

Адалдық сағатында Абайдың жалпы шығармашылығы адал еңбек, мейірімділік, қажымас қайрат, ақыл секілді тақырыптарға негізделгендігі айтылды.

Жастар іс-шарада ұлы Абай өлеңдерін жатқа айтып, өздеріне қойылған сұқрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, жыл басынан жастар бойында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле бидің жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналған, сондай-ақ «Ең үздік жас ақын» номинациясының және «Дарын» жастар сыйлығының иегері, республикалық айтыстардың жеңімпазы Біржан Байтуовпен, «Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасы», «Абай. Китаб тасдиқ» кітаптарының авторы, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Әзімхан Исабекпен бейне дәріс түріндегі адалдық сағаттары ұйымдастырылды.

Previous Post

Демонстрация, шеру, пикет өткізудің өз тәртібі бар

Next Post

Партия белсенділері марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі