13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Желтоқсан қатысушыларының құрметіне арнап мәнерлеп оқудан байқау өтті

2 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Желтоқсан қатысушыларының құрметіне арнап мәнерлеп оқудан байқау өтті
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың 2 желтоқсан күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан жаңғырығы» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында 1986 жылғы Желтоқсан қатысушылары Л. Асанова мен С. Мұхамеджанованың құрметіне арналған қыздар арасында мәнерлеп оқу байқауын өтті.
Байқаудың мақсаты: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқауға әділ-қазылық еткен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері — Орынбекова Ақмарал Бекболқызы, Тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы — Стамкулова Сания Еркинбекқызы, мәдениет саласы қызметкері, белгілі жүргізуші — Мақұлбек Беглан Айдаралыұлы қатысушылардың тіл тазалығын, өлеңді мәнерлеп оқуын, тақырыпты ашып, образға кіру актерлік шеберлігіне және тақырыпты дұрыс таңдауларына баға беріп үздіктерді анықтады.
Жалпы саны 20 қатысушы қыз өнер көрсеткен байқаудың нәтижесі бойынша, І орынды М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті,  Исабек Үкілімай Үсенқызы, ІІ орын – өнерлі жас Амалбек Ардақ Мақсатқызы,  ІІІ орынды — Болашақ жоғары колледжінің студенті Уақыт Дана Ерманқызы қанжығасына байлады.
Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хат табысталып, өнерлі байқау соңында естелікке суретке түсіп, жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Өткен орны: Шымкент қаласы, Нұрсат м/а, 200/18. («Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің коворкинг залы).

Previous Post

Қазақстан Республикасы Тұңғыш президент күніне орай «Ерлікке тағзым» атты кездесу өтті

Next Post

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда дін өкілдері белсенділік танытуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі