2021 жылдың 2 желтоқсан күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан жаңғырығы» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында 1986 жылғы Желтоқсан қатысушылары Л. Асанова мен С. Мұхамеджанованың құрметіне арналған қыздар арасында мәнерлеп оқу байқауын өтті.
Байқаудың мақсаты: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқауға әділ-қазылық еткен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері — Орынбекова Ақмарал Бекболқызы, Тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы — Стамкулова Сания Еркинбекқызы, мәдениет саласы қызметкері, белгілі жүргізуші — Мақұлбек Беглан Айдаралыұлы қатысушылардың тіл тазалығын, өлеңді мәнерлеп оқуын, тақырыпты ашып, образға кіру актерлік шеберлігіне және тақырыпты дұрыс таңдауларына баға беріп үздіктерді анықтады.
Жалпы саны 20 қатысушы қыз өнер көрсеткен байқаудың нәтижесі бойынша, І орынды М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті, Исабек Үкілімай Үсенқызы, ІІ орын – өнерлі жас Амалбек Ардақ Мақсатқызы, ІІІ орынды — Болашақ жоғары колледжінің студенті Уақыт Дана Ерманқызы қанжығасына байлады.
Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хат табысталып, өнерлі байқау соңында естелікке суретке түсіп, жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Өткен орны: Шымкент қаласы, Нұрсат м/а, 200/18. («Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің коворкинг залы).