13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда дін өкілдері белсенділік танытуда

3 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда дін өкілдері белсенділік танытуда
117
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласы бойынша ақпараттық технологиялар орталығының ұжымымен кездесті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты саясатты жүргізуде рухани мәдениеттің маңыздылығы, Агенттікпен қолға алынған жобалардың жүзеге асырылу барысы мен жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралар айтылды.

Осы тұрғыдағы кездесу Абай ауданы халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастырылып,  Халифа Омар мешітінің бас имамы Данабек Жұмабеков, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ермек Бекбосынов қатысты.

Д.Жұмабеков қоғамның ең басты байлығы адамға тура жол көрсетіп, жемқорлықты індет ретінде көрсетуде діннің рөлі ерекше екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жастайынан тәрбиелеу қажеттігіне  кеңінен тоқталып, оның ішінде отбасының рөліне баса назар аударды.

Өз кезегінде Ермек Бекбосынов жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін, қоғамдық сананы жаңғыртуда адалдық, адамгершілік қағидаттарын сіңіру қажеттігін айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, кездесулер барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берілді.

Previous Post

Желтоқсан қатысушыларының құрметіне арнап мәнерлеп оқудан байқау өтті

Next Post

«Плоды воспаленного воображения»: Пресс-секретарь Nur Otan прокомментировал высказывания журналистки

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі