13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ғарыш технологиялары бойынша бірегей білім беру хабы ашылды

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ғарыш технологиялары бойынша бірегей білім беру хабы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы Оқушылар сарайында ғарыштық технологиялар бойынша UniSat білім беру хабы ашылды. Бұл – БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы Өкілдігінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Түркістан «Оқушылар сарайымен» бірлескен жобасы. Тиісінше, өңір оқушылары STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеруге мүмкіндік алып отыр. Хаб жұмысы бірінші кезекте түркістандық мектеп оқушылары арасында ғылым, технология, инженерлік-математика (STEM) саласындағы білім мен мансапты танымал етуге бағытталады.

Хаб спутниктік технологиялар саласындағы инженерлік дағдыларды дамыту аясында ғылыми білім беру орталықтары жұмысының қағидаты бойынша құрылған. Олар жер мен ғарыштағы радиохабар тарататын құрылғылардан аналогтық және цифрлық радиосигналдарды қабылдауға және беруге мүмкіндік береді. Хаб компьютерлермен, бағдарламалық-анықталатын радиожүйе құрылғыларымен, УҚТ[1] және ҚТ[2] диапазондарындағы қабылдағыш-таратқыштармен және спутниктердің траекториясын көрсетуге арналған үлкен экрандармен жабдықталған. УҚТ диапазонына арналған трансивердің көмегімен оқушылар наноспутниктермен, соның ішінде Al-Farabi-2 университеттік наноспутнигімен ақпарат алмаса алады.
Орталықтың заманауи цифрлық жабдықтарын пайдалану, соның ішінде SDR технологияларын қолдану білім беру процесінде икемділікті қамтамасыз етуге және әртүрлі техникалық режимдерде жұмыс істеуге мүмкіндік сыйлайды. Бұдан бөлек, хабта жобаға қатысушылар жинаған UniSat наноспутниктерінің инженерлік модельдері де бар.

«ЮНИСЕФ UniSat бағдарламасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен серіктестікте 2020 жылдан бері жүзеге асырады. Осы уақыт ішінде 2000-нан астам қызды онлайн режимде, 200-ден астам қызды оффлайн режимде оқытып, стратосфераға бестен астам наноспутникті ұшырды. Бірақ, одан да маңыздысы – біздің жобаның түлектері мектептен кейін STEM саласында оқуын жалғастыратыны. UniSat жобасы дамып келе жатқанына және инженерлік ғылымдар мен STEM-ді қазақстандық оқушылар арасында ілгерілетуді қалайтын серіктестер саны үнемі өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Бүгін Түркістанда Хабты аша отырып, біз жобаны дамытудың жаңа кезеңін іске қосамыз және Түркістан облысының оқушылары мен мұғалімдерін оған қосылуға шақырамыз», — деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

Атап өтер болсақ, бұл хаб UniSat білім беру бағдарламасы аясында құрылған. Оның мақсаты – наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен құзыреттілігін дамыту, командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және шығармашылық сияқты дағдыларды жетілдіру. UniSat бағдарламасы «Dubai Cares» халықаралық білім беру қорының, «Clé de Peau Beauté» брендінің және филантроп Назанин Алакияның қолдауымен іске асырылады.

Previous Post

Түркістанда «ZHAS PROJECT» жобасы аясында оқыту тренингі өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: IV-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі