13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: IV-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: IV-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің ұжымы жуырда Түркияның Изник қаласында өткен IV-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан оралған жеңімпаз түркістандық өрендерге құрмет көрсетті. Жиында сонымен қатар халықаралық додалар мен Әлем Кубогінде жүлде алған спортшылар да марапаттан шет қалмады.

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында бас жүлдені иленген болатын. Отандастарымызды жеңіске бастаған бұл доданың ақтық сынында Қырғызстан құрамасымен жауапты кездесу барысында Түркістан облысының талантты көкпаршысы Әділет Мамыт екі бірдей салым тастап, қазақстандық шабандоздарды алға сүйреді. Еліміздің ең таңдаулы көкпаршылары құрамасында облысымыздың төрт спортшысы Арман Жамалбеков пен Абылайхан Нышанбеков, Дәулет Айтан пен Әділет Мамыт өнер көрсетіп, ел намысын қорғады.

Әр төрт жыл сайын өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында түркістандық атақты шабандоз Әділет Мамыт өзінің мықтылығын көрсетіп, құрамадағы жігіттерді жеңіске бастады. Жиында Түркістан облысының ұлттық спорт мектебінің басшысы Ғани Ахметбаев жеңімпаз шәкірттерді ірі жетістіктерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Басқосуда дарынды тоғызқұмалақшылар – Аружан Салман мен Ақбота Намаз, жамбы атудан түрік стилі мен нысана көздеуден күміс және қола жүлде иеленген Айкөз Ералхан да марапатталды. Жақында ғана Руминияда Әлем кубогында түркістандықтар Аружан Салман мен Ақбота Намаз тоғызқұмалақтан жүлде жеңіп алды.

Марапаттау халықаралық жарыстарда асық атудан Әлем кубогын иеленген Алмас Қарабаев, қазақ күресінен күміс жүлдегер Бөлеген Еркінбек те марапатталды.

Айта кетсек, IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 2 қола. Жарыс алғаш рет Түркияда өтті, оған әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен қатысты. Қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, садақ ату) өнер көрсетті.Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанып, Қырғызстан командасын 4:3 есебімен жеңді. Финалға жету жолында қазақстандықтар Өзбекстан мен Моңғолия спортшыларын 8:1 және 12:2 есебімен ойсырата жеңген болатын. Министр Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында көкпар тұңғыш рет көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгенін және бұл жеңіс бірегей тарихи оқиға екенін атап өтті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Ғарыш технологиялары бойынша бірегей білім беру хабы ашылды

Next Post

ТУРКЕСТАН: Награждены победители IV всемирных игр кочевников

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі