13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте студенттермен парасаттылық құндылықтары талқыланды

9 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте студенттермен парасаттылық құндылықтары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында  ақын, «Алтын қалам»,  «2019 — Жылдың үздік жүлдегері» марапаттарының иегері Дәркен Танабаевпен «Таңғы шуақ. Парасат поэзиясы» атты онлайн сыр-сұқбат өтті.

Кездесуде жеке тұлғаның қадір-қасиеті, тұлғалық кемелдігін білдіретін парасат ұғымы жайында кеңінен әңгіме өрбіп, ақын парасаттылықтың қайнар көзі – қазақтың көркем әдебиеті екендігін оқырмандардың назарына жеткізді.

Автор  шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісіп, көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

8 желтоқсан күні қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Гүлбақыт Дулатова «Парасат жолы» жобасы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кездесті.

Штаб мүшесі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жастардың белсенділігіне тоқталып, «Саналы ұрпақ», «Парасат жолы» жобаларының маңыздылығынан хабардар етті. Бүгінгі студент – ертеңгі маман, еліміздің болашағы екендігін алға тартып, кез-келген істе адал болуға, қазіргі жастарға берілген мүмкіндіктерді пайдаланып жақсы оқуға, әрдайым ізденісте болуға шақырды.

Сондай-ақ, Абай атындағы орталық кітапханада «Парасат жолы» аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 202 жылдығына орай «Күмбірлеген күй күмбірі» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Осы тұрғыдағы парасаттылық құндылықтары дәріптелген жиын Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен өтіп, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Сарманов қатысты.

Previous Post

Шымкенттіктер мыңнан астам мемлекеттік қызметтерге үйде отырып қол жеткізді

Next Post

Шымкенттің әскерилері диверсияға қарсы қауіпсіздігін пысықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі