13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттіктер мыңнан астам мемлекеттік қызметтерге үйде отырып қол жеткізді

9 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттіктер мыңнан астам мемлекеттік қызметтерге үйде отырып қол жеткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады. Ол үшін олардың өздері немесе қамқоршылары 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек.
Биылғы жылдың 11 айында «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тұрғындардың үйіне барып, бір мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыШымкент қаласы бойынша өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414»  бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Біздің қызметкерлер Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 56 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Олар ең танымал және  сұранысқа ие қызметтерге қол жеткізе алады. Атап айтқанда, жеке куәлікті, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба алу», – деді Алтынай Татаева
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясын ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маскалармен және антисептиктермен жабдықталған.
Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп  көңіл бөледі. Азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, ХҚО мамандары есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар 38 азамат Шымкент қалалық корпорация филиалында  түрлі лауазымдарда жұмыс істейді.

Previous Post

Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді

Next Post

Шымкентте студенттермен парасаттылық құндылықтары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі