13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қазақ күресінен Есіркеп батыр атындағы дүбірлі дода өтті

7 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қазақ күресінен Есіркеп батыр атындағы дүбірлі дода өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Есіркеп батыр атындағы 21-ші республикалық турнир өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы додаға еліміздің 14 облысынан 200-ге жуық спортшы бақ сынады.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайыста 46 келі салмақ дәрежесінде Түркістан облысының балуаны Ырыс Жаманқұл жеңімпаз атанды. 50 келіде шымкенттік жас өрен  Мұқтар Алиевтің мерейі үстем болды. 55 келіде қарағандылық Алдияр Каргулов қарсыластарынан басым түссе, 60 келі салмақта Жамбылдың жампозы Әли Әлимби жеңімпаз атанды. 65 келіде  Шымкент сайыпқыраны Паржан Бақтияр қарсылас шыдатпаса, 70 келіде Алматы облысының балуаны Жігер Еркінұлы қарсыластарын жеңіп шықты. 76 келіде қызылордалық Ернұр Исахан чемпион атанса, 82 келіде М.Дүйсенбаев топ жарды. Ал ауыр салмақта Нұр-Сұлтан қаласының балуаны Мейіржан Сламшайықов жеңімпаз болды.

Көпшілік тағатсыздана күткен «түйе балуандар»  бәсекесіне 32 балуан қатысуға ниет білдірді. Болашақ «Қазақстан барыстарының» арасындағы сында түркістандық Мақсат Махматхашамұлының мерейі үстем болып, бас жүлдеге тігілген «темір тұлпарға» ие болды. Ал турнирдің үздік спортшысы болып  қызылордалық Нұрлыбек Әсенов танылды.

Шымкент төріндегі дүбірлі доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Previous Post

Жүргізуші куәлігін рәсімдеудегі 5 қадам

Next Post

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі жетілдірілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі