13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін рәсімдеудегі 5 қадам

7 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Жүргізуші куәлігін рәсімдеудегі 5 қадам
Share on FacebookShare on Twitter

Жүргізуші куәлігі – еліміздің мамандандырылған ХҚО-ларында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алғаш рәсімдеушілерден бірнеше құжат қана талап етіледі. Осыған қарамастан, азаматтардың көпшілігінде құжаттарды жинау және емтихан тапсыру туралы сұрақтары туындайды. Барлығын қалай дұрыс рәсімдеу қажеттігі туралы редакциямызға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.
Белгілі болғандай, жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін тек 5 қарапайым қадам жасау керек:

1-қадам
Көлік жүргізушісі курстарын үйрететін мектепті тауып, нұсқаушымен бірге көлік жүргізіп машықтаныңыз. В категориясына жол ережесін өз бетіңізше де үйрене аласыз.

2-қадам
Құжаттар жинау.
Қажетті құжаттар:
жеке куәлік,
073 үлгісіндегі медицианылқ анықтама,
автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда)
мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек – баж мөлшері 1,25 АЕК.

3-қадам
Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханнан сәтті өткеніңіз.

4-қадам
Автодромдағы практикалық емтихан. Егер теория сәтті тапсырылса, сізді практикалық емтихан жібереді. 20 минут ішінде 12 жаттығу ережелерін дұрыс өту керек.

5-қадам
Дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұл ретте eGov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті қайта рәсімдеуге, мемлекеттік нөмірді таңдауға, тіркеуге, көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі қолжетімді екенін ескертеміз.

2021 жылдың 11 айында Шымкент қаласындағы Мамандандырылған ХҚО арқылы 76 мыңнан астам жүргізуші куәліктері берілді.

Анықтама:
Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а.
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

Previous Post

Ерекше балалар Елбасыға арнап ерекше шара өткізді

Next Post

Шымкентте қазақ күресінен Есіркеп батыр атындағы дүбірлі дода өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі