13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Елдіктің жеті тұғыры: Болашаққа бағдар

26 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Елдіктің жеті тұғыры: Болашаққа бағдар
122
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Елбасы отыз жыл ішіндегі еліміздің даму жетістіктеріне тоқталып, мұның барлығы бірлесе атқарылған жұмыстың, маңызды мемлекеттік шешімдер мен батыл реформалардың жемісі екенін атап, мемлекетіміздің алдында тұрған сын-қатерлерге, сондай-ақ партияның келешек стратегиялық мақсаттарына жан-жақты тоқталды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті адамзат алдында тұрған бірқатар сын-қатерлерді, соның ішінде жаңа пандемияларға қарсы күреске, экологиялық проблемалар мен жаһандық жылынудың теріс әсерінің күшеюіне, әлемдік экономиканың өзгеруіне орай елдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне, геосаяси шиеленістің өршуіне, сондай-ақ қоғамдық пікір мен құндылықтардың күрт өзгеруінен саяси алауыздық белең алатынына назар аударды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік бағдардың сабақтастығы мен тұрақтылығына негіз болатын партияның ұзақ мерзімді көшбасшылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. Елбасы атап өткендей, ол үшін «Nur Otan» партиясы үнемі жаңғырып отыруға, заман талабына сай әрі өзгерістерге дайын болуға, халық мүддесін басшылыққа алуға, алдына айқын мақсат қойып, оған жетудің нақты жолдарын табуға, билік органдарының, қоғамдық институттардың тиімді ықпалдастығын қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ қоғамды партия құндылықтары төңірегіне біріктіруі керегін атады.

– Біз Тәуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрдық. Отыз жылда 9,5 миллионнан астам сәби дүниеге келді. Бұл – көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын. Мемлекеттілікті сақтап, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ақиқатқа айналдыру осы ұрпақтың тарихи миссия деп санаймын, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Жиында Елбасы жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты жас ұрпаққа үндеу жолдады.

Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.

Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.

Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.

Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.

Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.

Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.

– Біз Тәуелсіздігімізді нығайтып, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды қолдап, ұлттық мәдениетімізді насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қою арқылы жасампаз ел боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Аслан Әлімбек

мәслихат депутаты

Previous Post

Түркістан: 50-ге жуық медицина қызметкері ревакцинация алды

Next Post

Желтоқсаншылардың құрметіне ұлттық спорттан жарыс өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі