13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Жол картасында білім беру саласына басымдық берілген

12 ноября, 2021
in Білім
0
Жол картасында білім беру саласына басымдық берілген
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы  Білім және ғылымды дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Партия төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Төлегеновтың жетекшілігімен өткен жиынға кеңес мүшелері, партия филиалының жауапты қызметкерлері,   мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Жиында білім саласы бойынша партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының Жол картасының  ағымдағы жылдың 10 айында орындалуы және қоғамдық кеңестің алдыңғы отырысындағы ұсыныстардың орындалу барысы талқыланды.

Жол картасында барлығы 149 іс-шара қамтылған. Оның 13-і білім саласына қатысты. Жол картасында білім саласын дамытуға бағытталған 13 іс-шараның 12-сі жоспарға сәйкес орындалды. Орындалған іс-шаралар қатарында 25 мектептің (мемлекеттік-4, жекеменшік-21) пайдалануға берілуі, үш ауысымды мектептер санының 14-тен 9-ға қысқаруы, жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесінің 30 пайызға артуы, мектептер үшін қажетті компьютер мен 18 мың партаның сатып алынуы және т.б межелі міндеттер бар.

Білім саласына қатысты тағы бір іс-шара орындалу үстінде. Қазіргі таңда қаладағы №39, 105 балабақшаларында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүруде. Нысандардың пайдалануға берілуі желтоқсан айына жоспарлануда.

Кеңес отырысын қорытындылаған Бекайдар Төлегенов 10 айдың қорытындысы бойынша Жол картасындағы 2021 жылға жоспарланған 122 іс-шараның 57-сі (47%) аяқталып, 65-і (53%) жылдың соңына дейін орындалатынын айтты. Сонымен қатар ол сапалы білім мен саналы тәрбие алған жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін, сондықтан да  «Nur Otan» партиясы қалада білім беру саласын дамытуға зор басымдық беретінін атап өтті.

Tags: білімЖанар БектаеваМұрат ӘйтеновШымкент“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Қоғамда парасаттылықты қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты факторлардың бірі

Next Post

Түркістан облысында «Қыс-2021» Республикалық командалық –штабтық жаттығу өткізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі