13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қоғамда парасаттылықты қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты факторлардың бірі

11 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Қоғамда парасаттылықты қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты факторлардың бірі
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев соңғы 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берді.

Спикердің айтуынша, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық және ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылуда.

Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл маңызды рөл атқаратындығын мәлімдеді.

«Шымкент – адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штабы тарапынан жүзеге асырылған жобалар оң нәтижелерін берді.

Өткен жылы қоғам белсенділерімен бірлесіп 1900-ға жуық профилактикалық                іс-шаралар ұйымдастырылып, барлық әлеуметтік маңызы бар салалар қамтылды» — деді спикер.

Сонымен қатар, мегаполис тұрғындарына кеңестер берілетін «Antikor Live» және «Adal Komek» жобаларына тоқталып, аталған жобалар халықты қызықтыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді диалог алаңына айналғандығын жеткізді.

Алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кеңінен тоқталып, жыл басынан бері Департаментпен                             10 мекеменің қызметінде талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталдығын хабарлады.

Сыртқы талдаулардың қорытындысы бойынша барлығы 100-ден аса ұсыныстар енгізіліп, олардың жартысынан көбі орындалды.

Сондай-ақ, ол квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері бойынша ақпарат берді.

«Комплаенс мамандарының міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылады.

Аталған бағытта Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету және бірыңғайлықты қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда Шымкентте квазимемлекеттік сектордың 186 ұйымында комплаенс қызметі жұмыс істейді» — деді Т.Серікбаев.

Previous Post

ANTIKOR.NEWS: Тікелей бағыныштылардың жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі

Next Post

Жол картасында білім беру саласына басымдық берілген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі