13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Ардагерлерді ардақтайық» онлайн акциясының жеңімпаздары анықталды

5 ноября, 2021
in Cаясат
0
«Ардагерлерді ардақтайық» онлайн акциясының жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Nur Otan партиясы және  Jas Otan жастар қанаты ағымдағы жылдың 1 — 30 қазан аралығында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына және «Қарттар күніне» орай «Ардагерлерді ардақтайық» онлайн акциясы аясында байқау жариялаған болатын.

1 айға жалғасқан # байқауы барысында қаламыздан 100-ге жуық ардагерлер, зейнеткерлер, еңбек ерлері, құрметті азаматтар қатысты.

Өздеріңіз білетіндей, қазыналы аға-буын ардагерлеріміздің арқасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі күніне қол жеткіздік.

Сұхбат кезінде ардагерлер жеткен жетістіктері мен ел тәуелсіздігін құрудағы құнды әңгімелерімен бөлісті.

Басты мақсат тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясатының, Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға қашанда даяр болуға тәрбиелеу.

Байқаудың нәтижесі бойынша қаламыздан өзінің құнды сөздерімен сыр шерткен Құрбанбаев Балтабай Құрбанбайұлы және Тинбаева Аманкүл Оразқызы жеңіске жетті.

Балтабай Құрбанбайұлы — 1947 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Қазіргі таңда ЖШС «Елмед» және «Елстандарт» директоры.

Тинбаева Аманкүл Оразқызы — 1958 жылы 1 қаңтарда ОҚО, Түлкібас ауданы, Сергеевка селосында дүниеге келген. 1964 жылы №28 Сергеевка орта мектебіне барып, 1974 жылы тәмамдаған. 1974 жылы Алматы қаласы В.И. Ленин атындағы политехникалық институтқа оқуға түсіп, 1979 жылы бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Астық өнімдері» комбинатында жас маман болып жұмысқа орналасады. 1983 жылы Шымкент қаласындағы №9 кәсіптік техникалық училичесінде мұғалімдік қызмет атқарады. Қазіргі таңда сол қызметпен зейнетке шығып, «Арулар, аялылар» қоғамдық бірлестігін құрып, көпбалалы, жалғызбасты аналарға көмек қолын созуды мақсат тұтқан.

Жеңіске жеткен ардагерлеріміз @_ қолдауымен 100 000 тенгелік қаржылай сертификатқа ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ерен еңбек етіп, елінің өркендеп-өсуіне үлес қосқан кешегі қызметкер, бүгінгі зейнеткер ардагерлерге құрмет көрсету жас ұрпақтың парызы деп білеміз!

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanЖанар БектаеваШымкент
Previous Post

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті

Next Post

Относительно Сопроводительных накладных на товары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі