13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті

4 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кеңестің төрағасы Бауыржан Шерханұлының төрағалығымен өткен жиында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасындағы көпбалалы отбасы мен халықтың әлеуметтік осал топтары мен балалар үйінің түлектерін баспанамен қамту шарасы мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша  тиісті басқармалардың ағымдағы жылдың он айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. Жұлдызай Ордабекова сөз алды. Ол бүгінде  қалада 46426 азамат тұрғын алу кезегінде тұрғанын, жыл басынан бері баспана  кезегіне 5 905 адам тіркелгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар ол, ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқорының сервисі🌐 қолданылатынын атап өтті. Оның сөзінше биыл 976 отбасыны арендалық тұрғын үймен қамту жоспарланған. Есепті мерзім ішінде 682 отбасыға арендалық пәтердің кілті берілген. Ал кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1580 пәтер сатып алу көзделген. Бұл үшін бюджеттен 22,5 млрд теңге қаржы бөлінген.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Н.Егембердиев сөз алды. Өз кезегінде ол «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау,  қолжетімділігін қамтамасыз ету  бойынша 259 нысанды бейімдеуден өткізу  жоспарланғанын айтты.

Жиын соңында салаға жауапты басқарма басшыларына  тиісті тапсырмалар берілді.

Previous Post

TEDx форматында арнайы кездесу ұйымдастырылды

Next Post

«Ардагерлерді ардақтайық» онлайн акциясының жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі