13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржысына перзентхана салынады

25 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржысына перзентхана салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Абу — Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды. Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін жаңа «Ана мен бала орталығының» іргетасына капсула салды.

«Біз денсаулық сақтау саласының маңызды нысандарының бірі —  Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның Түркістан тұрғындары үшін қайырымдылық көмегі болып табылатын құрылыс алаңына капсула саламыз. Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби Даму қорының бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бастама Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың символы, сондай-ақ Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға және Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі болып табылады», — делінген капсуладағы жазбада.

Түркістан қаласында заманауи перзентхана құрылысы  өткен жылдың желтоқсан айындағы Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның кездесуінде қол жеткізген келісім-шарттардан кейін жүзеге асып отыр.

Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы —  33  000 шаршы метр.

Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

2021 жылдың 9 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысты

Next Post

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заң жобасы депутаттардың қарауына енгізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі