13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2021 жылдың 9 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысты

25 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
2021 жылдың 9 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 528 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды. 377,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 252,9 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 16,4 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 14,4 мың адам жіберілді.

6,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 22,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 165,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,4 мың адам; жастар практикасына – 24,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 123,7 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 632 отбасы немесе 5 532 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 351 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Оның ішінде 1 679 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 119 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 9 адам оқуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

 

Previous Post

Шымкентте «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слеті өтті

Next Post

Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржысына перзентхана салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі