13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

«Қала әкімі шығып бір ауыз сөз айтуға жарымайды!» Шымкентте жарық пен суға зар болған тұрғындар Әйтеновке арызын жеткізе алмады (видео)

30 сентября, 2021
in Билік
0
«Қала әкімі шығып бір ауыз сөз айтуға жарымайды!» Шымкентте жарық пен суға зар болған тұрғындар Әйтеновке арызын жеткізе алмады (видео)
Share on FacebookShare on Twitter
https://13kz.kz/wp-content/uploads/2021/09/В-ШЫМКЕНТЕ-НЕ-ОКАЗАЛОСЬ-СЛЫШАЩЕГО-ГОСУДАРСТВА.mp4

Шымкентте бір топ әйелдің Шымкент қаласы әкімдігіне барып, «Әйтенов шық!», — деп шулап жатқан видеолары әлеуметтік желіде кең тарады. Онда тұрғындар жарық пен ауыз су мәселесін айтып арыздануда. Олардың айтуынша Шымкент қаласының әкімдігі 3 жылдан бері тұрғындардың жанайқайына құлақ аспай келеді.

-Шымкент қаласы әкімдігіне свет, су мәселесі бойынша осымен үшінші жыл келіп жүрміз. Қала әкімі бізбен ешқандай кездесуге шықпайды.Міне 102 шақырып, әйелдерді қорқытып жатыр әр бұрышқа алып барып. Бала-шағамен келіп тұрмыз.Бала шағамен еріккен адам осындай жерге келе ма? Міне қарапайым халық қиналғаннан кейін светі жоқ, суы жоқ. 5 км жерге балаларымыз лайды кешіп,жаяу сабаққа барып жүргеннен кейін осылай қиналып келіп тұрмыз . Қала әкімі шығып бір ауыз сөз айтуға жарымайды.Тағы бізге 102 шақырып мына әйелдерді қорқытып, сендердің үстеріңнен заңды түрде шара қолданамыз деп қортқытып жатыр. Журналистер сіздерді көмекке шақырамыз!  — деді шағымын арқалап келген тұрғындардың бірі.

Тұрғындардың шағымын тыңдауға қала әкімі Мұрат Әйтеновтың келмегенін видеодан анық аңғаруға болады. Есесіне шулаған тұрғындарды сабырға шақыруға Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков шыққан. Салаға жауапты басшы мәселенің нақты қашан шешілетінін айта алмаған. Ол жұмысқа немқұрайлы қараған мамандарға шара қолдандылады деген жауаппен шектелген. Шенеуніктің жауабына қанағаттанбаған тұрғындар Әйтеновтың шығып, мәселені шешіп беруін талап еткен. Шыдамы таусылғандар  «Әйтенов шықсын! Әйтенов шықсын! – деп айқайға басқан.

Шағымын айтып шырылдаған тұрғындар Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетовпен кездесуден соң әрең тарқаған.

Ақпараттарға сүйенсек, қала әкімдігіне мәселесін арқалап келгендер Еңбекші ауданына қарасты, Қарабастау тұрғын алабы, Жаңа тұрмыс ықшам ауданының тұрғындары. Халықтың айтуынша, ықшам ауданға әлі күнге ауыз су, электр қуаты мен көгілдір отын тартылмаған. Балаларымыз лай жолмен 5 км жердегі мектепке баруға мәжбүр,- дейді ашынған жұрт.

Ескерту : Видео «You Tube» әлеуметтік желісінің ашық көздерінен алынған

Tags: 13kz13kz.kz13кзашық әкімдікинфрақұрылымМұрат ӘйтеновҚарабастау
Previous Post

Түркістанда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Next Post

«Nur Otan» партиясы - жарқын істер бастауы!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі