13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

30 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, мәслихат депутаты, кеңес төрайымы Қалымай Жантөреева төрағалық жасап, жүргізіп отырды.

Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде Түркістан облысының медициналық мекемелерінде қатерлі ісікке қарсы күресті күшейту, алдын алу жолдары, жұмыстары талқыланды. Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова онкологиялық аурулардың алдын алу, емдеу, өлім-жітімді азайту жолында жүйелі жұмыс жүріп жатқанын айтты.

2021 жылдың 8 айында Түркістан облысында 1089 адам онкологиялық ауруға шалдыққан. Оның 59,1 пайызын әйелдер құрап отыр. Аурығандардың жас ерекшелігі 35-70 жас аралығында. Онкологиялық аурудан болған өлім көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада соңғы орында. Өкінішке қарай, биыл 618 адам қайтыс болған. Облыста ауруды ерте анықтау 12,8 пайыздан 17,9 пайызға ұлғайған. Скрининг жұмысы күшейген. Осы және өзге де деректерге тоқталған Алтын Досанова күн тәртібіндегі екінші мәселе туралы да баяндады. «Nur Otan» партиясының Жол картасының 69 тармағы, яғни, «Ауылдық елді мекендердің медицина саласындағы кадрларды 140 адамға дейін қамтамасыз ету» бағытындағы жұмыстарды атап өтті.

Қоғамдық кеңес отырысын түйнідеген Қалыйма Жантөреева денсаулық сақтау саласы аса маңызды мәселе екенін, бұл саладағы міндеттер сапалы орындалуы тиіс екенін айтты. Әсіресе ауылдарды, шалғай елді мекендерді дәрігерлермен қамту жұмысы жанданатынын жеткізді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Шымкентте еріктілер көшбасшылық қабілеттерін арттырды

Next Post

«Қала әкімі шығып бір ауыз сөз айтуға жарымайды!» Шымкентте жарық пен суға зар болған тұрғындар Әйтеновке арызын жеткізе алмады (видео)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі