13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан футзалдан әлемдегі үздік төрт құраманың қатарында

28 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан футзалдан әлемдегі үздік төрт құраманың қатарында
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазақстан құрамасы Иранды 3:2 есебімен жеңіп, Литвада өтіп жатқан футзалдан IX Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Гол авторлары: Самими (25-минутта автогол), Кнауб (29-минутта), Тайнан Да Силва (39-минутта) — Оладгобад (8-минут), Эсмаэльпур (15-минут).

Алғашқы минуттардан бастап сауатты қорғанған Иран құрамасы бірінші таймда Қазақстан қақпасына қос гол салды. 8-минутта Мослем Оладгобад, 15-минутта Ахмад Эсмаэльпур әлемнің 5 дүркін үздік қақпашысы Игитаны қапы қалдырды. Қазақстан құрамасы статистика жағынан басымдық танытқанымен, қарсыластың осал тұсын таба алмады.

Алайда ойынның екінші бөлігінде Қазақстан құрамасы табанды түрде шабуылдап, таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды. Әуелі 25-минутта есепті қысқартқан Кака шәкірттері араға төрт минут салып, есепті 2:2-ге жеткізді. Ал ойының аяқталуына бір минут қалғанда мундиальдағы команда сұрмергені Тайнан жеңіс голын соғып қарсыластың сағын сындырды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Иран құрамасы алғаш рет 1996 жылы ойнаған. Бүгінге дейін 8 матчтың бәрі қарсыластың пайдасына аяқталған еді. Тоғызыншы кездесуде ұлттық құрама сәтсіз серияға нүкте қойды.

Енді Қазақстан 30 қыркүйекте Каунас қаласындағы «Жальгирис Аренада» Испанияны жолда қалдырған Португалиямен финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. Ал екінші жолдама иегері Бразилия мен қазіргі әлем чемпионы Аргентина арасындағы ойында анықталады.

 

Previous Post

ҚР-да коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсаруда - А. Цой

Next Post

ҚР БҒМ «Ұстазыңды құттықта!» акциясын бастайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі