13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР-да коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсаруда — А. Цой

28 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
ҚР-да коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсаруда — А. Цой
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай және 15 қыркүйекте басталған тұмауға қарсы вакцинация науқаны туралы баяндады.

Министр өз баяндамасында Қазақстан Республикасында КВИ аурушаңдығының төмендегенін атап өтті. Соңғы екі аптада ол 36% — ға төмендеді. Сонымен қатар, тамыздың екінші жартысынан бастап эпиджағдайдың тұрақтануы байқалады, сырқаттану 3,2 есеге (аптасына 54914-тен 17341 жағдайға дейін), ал өлім-жітім 2,7 есеге (аптасына 945-тен 346 жағдайға дейін) төмендеді.

Бүгінгі таңда жасыл аймақта 4 аймақ бар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары. Қазақстан Республикасы және 8 өңір – сары аймақта (Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары). Репродуктивті саны — 0,88.

«Соңғы айда науқастар саны тәулігіне 3,6 есе азайды, сондай-ақ, стационарлық емделудегі науқастар санының 27 тамыздағы жағдай бойынша 25 мыңнан 27 қыркүйектегі жағдай бойынша 10,5 мың адамға дейін 2,4 есе азайғаны байқалады, амбулаториялық емделудегі науқастар саны 89 мыңнан 51 мың науқасқа дейін 1,7 есе азайды. Сонымен қатар, 23 тамыздан бастап бір тәулік ішінде сауыққан науқастардың саны бір тәулік ішінде ауырғандардың санынан асып түсетінін атап өткім келеді, бұл да эпиджағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді», — деді А.Цой.

Жалпы еліміз бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 33% — ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 32% — ға дейін төмендегені байқалады. Республика бойынша 25 мың төсектік 57 ковидтік стационар жабылды.
Елде халықты вакцинациялау жалғасуда: бірінші компонентпен 7,5 млн.астам адам егілді, тиісті халықты қамту 75,8% — ды құрады, екінші-тиісті халықтың 64,7% — ын қамтумен 6,4 млн. астам адам.

Сонымен қатар, 15 қыркүйекте тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинация науқаны басталды, ағымдағы эпидемиологиялық маусымға Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС тұмауға қарсы вакцинаның 2 526 754 дозасын сатып алды, бұл республиканың жалпы халқының 13%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлер, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, сәбилер үйлерінің балалары және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жатады. Бүгінгі таңда шамамен 270 мың адам немесе халықтың 10,5% егілді.

 

Previous Post

Жастар тәрбиесі және парасаттылық құндылықтары

Next Post

Қазақстан футзалдан әлемдегі үздік төрт құраманың қатарында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі