13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім

22 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
45
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, Шымкент қаласында бүгінгі күні 71 мыңға жуық шағын және орта субъектілер бар. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 161 мың адам жұмыспен қамтылған. Олармен шығарылған өнім көлемі 222,1 млрд. теңгені құрап, 22,9 пайызға артты.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан бері 819 жобаға 4 млрд.теңгеге қолдау көрсетілді.

Алдағы 5 жылда жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, осы жылдың 8 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерінде өсім динамикасы қалыптасып, оң өзгерістер байқалған.Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді.

Қала аумағында өтетін жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынады.

Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандарынан 200-ден астам тауар өндірушілер қатысуда.

Қала тұрғындары ет, сүт өнімдерімен қатар, бақша көкөністері мен жеміс-жидек секілді күнделікті тұтыну тауарларын делдалсыз тікелей сатып алу мүмкіндігіне ие.

Айта кетсек, жәрмеңке әр аптаның сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері қаланың «Фосфоршылар мәдениет үйінің» алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары және «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында өтеді.

Previous Post

Шымкентте биыл 30 көше жарығы LED шамдарымен алмасады

Next Post

Сенат депутаттары мүгедек балаларға арналған жәрдемақы мөлшерін арттыру туралы заңды қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі