13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мергендері Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

20 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мергендері Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық жарыста Юрий Юрков, Ислам Усейнов және Алексей Клейменов топ жарды. Аралас командалық сында Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді.

Азия чемпионатында Ислам Усейнов (жекелей сын, командалық сын, ҚР рекорды),  Эльдар Иманқұлов (жекелей және командалық сын), Зухра Ирназарова (жекелей сын), Никита Шахторин (жекелей және командалық сын, жасөспірімдер арасында ел рекорды), Юрий Юрков сынды мергендер үздік нәтиже көрсетті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістандық самбошылардың бәсі биік

Next Post

Инклюзивті білім беру басты назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі