13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАШАН ҚАБЫЛДАЙДЫ?

3 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАШАН ҚАБЫЛДАЙДЫ?
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында биыл лагерьлерге оқушыларды қабылдау 15-30 маусым аралығында басталады деп жоспарлануда.

Жазда қызмет көрсетуі көзделген қала сыртындағы 23 сауықтыру лагерінің 8-і мемлекеттік, 15-і жекеменшік. Биыл облыс бойынша 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны – 416 086. Ал 23 сауықтыру лагері 32 мыңнан астам баланы қабылдай алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай деректерді келтірген облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде облыстағы 5 балалар үйінің жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 250-ге жуық тәрбиеленушілері жаз бойы демалатынын мәлім етті. «Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай орын алған елді мекендердегі 820 оқушы 15 күннен жазғы демалысқа барады. Олар «Балдәурен-Қапшағай» және «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығына, «Сарыағаш» балалар санаторийіне, аудандардағы «Балдәурен», «Қазығұрт», «Бәйшешек», «Еркежан» сауықтыру лагерьлеріне барады», — деді Рақымбек Қуатбекұлы.

Ал облыстағы балабақшалар тек ата-аналардың сұранысы мен өтініші негізінде іске қосылады. «Биыл облыста 20 наурызға дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеді. Оның ішінде 1271 балабақша, 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153 296 бала тәрбиеленуде. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің 69%-ы жекеменшік. Қаулының №9 қосымшасында мектепке дейінгі ұйымдарда ата-анасының міндетті жұмыста болуы шарт және балаларына қараушысы жоқ отбасылар үшін жұмыс істейтін кезекші топтарды ашу және кезекші топтармен жұмыс жасау алгоритмі көрсетілген. Сондықтан балабақшаларда кезекші топтар ашылуы мүмкін», — деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, мектепке дейінгі ұйымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде қашықтан жұмыстарын жалғастыруда, ал, кейбірі өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында.

Previous Post

ЖАМАЛ АПА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА МАСКА КИЮ РЕЖИМІ САҚТАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі