13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖАМАЛ АПА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

3 июня, 2020
in Қоғам
0
ЖАМАЛ АПА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Елдегі жетімінің маңдайынан сипап, жесірінің қолтығынан демеп қамқорлық көрсету, қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиет. Бұл асыл құндылық сонау ықылым заманнан бері халқымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жасап келеді.
Міне, бүгін де сондай бір қайыры мол қайырымдылық шарасының куәсі болдық.
Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамай жарлыларға жақсылық жасауға жаны құмартып тұратын Мырзашөл өңірінің Ақ Анасы атанған Жамал апа Жетісай ауданы, Жылы су ауылдық округіне қарасты С.Сейфуллин ауылынан Надировтардың отбасын қуанышқа кенелтіп, 4 бөлмелі баспана алып берді. Осыдан 7 жыл бұрын қазіргі Мақтаарал ауданының Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінен қоныс аударған Сапархан Надиров пен Жанар Түйебағарованың 5 перзенті бар. Бұған дейін құрылыс саласында жалдамалы жұмысшы болып келген отағасы соңғы 4 айда денсаулығына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыз. Десе де, жергілікті округ әкімдігі аталмыш отбасыны Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен қолға алынған «ҚАМҚОРЛЫҚ» бағдарламасына енгізіп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.
Бұған дейін жеке баспанасы болмаған аталмыш отбасы С.Сейфуллин ауылындағы ескі мектептің ғимаратында күнелтіп келген. Ескі мектепте күнелткен арысы Маңғыстау облысы мен берісі Мақтаарал ауданынан келген азаматтармен аудан басшысы Жамантай Бейсенбаевтың өзі де бірнеше рет барып тілдескен, мұң-мұқтаждарын тыңдаған.
«Біздің жағдайымызды ескеріп, кеудемізден итермей осылай көмек беріп жатқан азаматтарға, аудан басшысы мен баспана сыйлап отырған Жамал апамызға айтар алғысымыз шексіз. Енді біздің де өз үйіміз, перзенттеріміздің өз бөлмелері болады» дейді қуанышымен бөліскен Сапархан Надиров.
Аталмыш сауабы мол игі шараның басы-қасында жүрген Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздыковтың айтуынша баспананың ағымдағы жөндеу жұмыстары мен жиһаздары, тіпті, жаңа көрпе-төсектері мен есік-терезелеріне дейін ауыстыруды «Нұғман» орталық мешіті назарға алып отыр. Бұл мақсаттағы тиісті жұмыстар басталып та кеткен.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАШАН ҚАБЫЛДАЙДЫ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі