13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласының мәдениет саласы қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арнап кітаптарды дыбыстайды

24 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласының мәдениет саласы қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арнап кітаптарды дыбыстайды
91
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәдениет саласының бірқатар қызмет түрлері онлайн форматқа көшуіне байланысты, және қиын кезеңде қызметкерлерді игі іс басында жұмылдыру мақсатында жергілікті көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада көңіл дәрумені болар ерекше жоба қолға алынды. Аудиоформаттағы кітап санын көбейту жұмыстары карантин кезеңіндегі уақытты тиімді және пайдалы өткізуге, ерекше қажеттіліктері бар жандардың кітапқа қолжетімділігін ұлғайтуға арналған ауқымды жоба арқылы іске асады. Осы күнге дейін кітаптар «Сөйлейтін кітаптар шығару» бөлімінде жалғыз кітапханашы тарапынан дыбысталынуына байланысты аудиокітап қорының толығуы баяу жүретін. Енді, кітапхананың аудиокітаптар қоры театр әртістері және басқа мәдениет саласы қызметкерлері дыбыстаған кітаптармен толығып, саны артады.

Бұл жобаға қатысушылар қатарында Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Игорь Вербицкий, Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Бекболат Құрманғожаев,  Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Еркін Шымырқұлов, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова және т.б. қызметкерлер бар.

Қазіргі таңда, арнайы кітапханадағы кітап қоры 140376  дананы құрайды. Негізгі кітап қоры бедерлі – нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі – графиялық құралдар. Оның ішінде дәл осы кітапханада 2003 жылдан бері дыбысталып келе жатқан аудиокітаптар саны 5000-нан астам.

Previous Post

Шетелдік инвестор Шымкентте зауыт салуға ниет білдірді

Next Post

Шымкентке жыл басынан бері мыңнан астам қоныс аударғандарға қандас мәртебесі берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі