13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шетелдік инвестор Шымкентте зауыт салуға ниет білдірді

24 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шетелдік инвестор Шымкентте зауыт салуға ниет білдірді
Share on FacebookShare on Twitter

Шетелдік инвестор Шымкентте жеміс пен көкөністі қайта өңдеу және  консервілеу зауытын салуға ниет білдірді

Шымкент қаласында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Солардың бірін  Өзбекстан еліндегі «SLT» кәсіпорны қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында таныстырды.

Zoom жүйесі арқылы қосылған инвестор мегаполисте жеміс пен көкөністі қайта өңдеу және косервілеу зауытын ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, өндіріс орны сағатына 3 тоннадан астам жеміс пен көкөністі қайта өңдеуге қауқарлы. Жоба құны 5,5 млн евроны құрайды. Құрал-жабдықтар Түркия, Бельгия, Германия және Италиядан әкелінеді деп жоспарлануда. Зауыт іске қосылғанда онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта келісімдер жүргізілуде.

Сонымен бірге инвестор көкөністер мен жемістерді өсіру үшін жер бөліп беруді сұрады.

Отандық өнiмдерге сұранысты арттыру үшiн тауар сапасына көңiл бөлу керектiгiн айтқан қала басшысы қазіргі экономикалық жағдайда нарықта бәсекеге қабілеттілік өте маңызды екенін айтты. Әкім жобаны жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте шілде айында 10 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді

Next Post

Шымкент қаласының мәдениет саласы қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арнап кітаптарды дыбыстайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі